қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.12.2022

Ғылыми-әдістемелік семинар

 

2022 жылдың 28 қараша - 2 желтоқсан аралығында Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинарлар өтті.


Лектор: Юлия Гавронская, химиялық және экологиялық білім беру кафедрасының профессоры, Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті, Санкт-Петербург қ., Ресей.


Семинар тақырыбы - «Химиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістемесі». Семинарға химия кафедрасының профессор-оқытушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.


Ғылыми-әдістемелік семинар «Химия» жаратылыстану бағыты бойынша білім алатын студенттер мен магистранттарға арналған. Лектор дәрісінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін ұсынып, көп жылдық тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында қатысқан профессор-оқытушыларға сертификаттар берілді.

 

  alt=  

 

  alt=