Главная /
СМИ о нас
22.11.2022 PhD дәрежесін алу үшін С.Ж. Зыкринаның диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «8D015 - Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D010900/8D01501 - Математика, 6D011000/8D01504 - Физика)» бағыты бойынша философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте «6D010900 - Математика» мамандығының докторанты Зыкрина Сымбат Жұмабайқызының «Негізгі мектеп оқушыларының математикалық білімдерін критериалды бағалаудағы интернет-технологиялардың ролі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы қорғалады.
Диссертация Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде дайындалды. Қорғау түрі - диссертациялық жұмыс. Қорғау тілі - қазақша.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Қожабаев Қайыржан Ғабдуллаұлы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Көкшетау қ., Қазақстан); Далингер Виктор Алексеевич - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (Омбы қ., Ресей).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Мубараков Акан Мукашевич - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан (мамандық шифры: 13.00.02); Сыдыхов Бахыт Дикамбаевич - педагогика ғылымдарының докторы, профессор м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан (мамандық шифры: 13.00.02; 13.00.08).
Диссертацияны қорғау 2022 жылы 22 желтоқсанда сағат 13:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтеді.
Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би, 86, Оқу корпусы №5 (4-қабат, 415 каб.). Сайт: www.kaznpu.kz Байланыс нөмері: +7(707) 3319729
Zoom: https://zoom.us/j/98269631829?pwd=MGxPTUtIa0VHZU0waS9UNitQVkZJQT09
Идентификатор конференции: 982 6963 1829 Код доступа: 894080
YouTube https://www.youtube.com/channel/UCBUJDvtbCbblef5qhUQMMhw
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық
|