қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
21.11.2022

«Биология пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері» тренинг-семинар

 

2022 жылдың 19 қарашасында Жаратылыстану және география институтының «Биология» мамандығының 2 курс докторанттары педпрактиканың қорытынды іс-шарасы аясында «Биология пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері» тақырыбында тренинг-семинар ұйымдастырды.


Тренинг-семинарға институттың профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Семинардың мақсаты - орта мектепте мұғалім болып қызмет атқаратын докторанттардың биология пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізудегі іс-тәжірибесімен бөлісу. Семинар барысында магистранттар мен студенттер тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап беріп, белсенді түрде қатысты.

 

Тренинг-семинар соңында қатысушылар спикерлерден өз сұрақтарына жауап алып, өз ойларымен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=