қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
06.04.2017

 

       2017 жылдың 5 сәуірінде Франкофония университеттік агенттігінің сарапшылары Жан-Марк Манжиан мен Габриелла Скрипник университетіміздің басшылығымен кездесті.
Кездесуді басқарған Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры С.Ж. Піралиев. Кездесуге қатысқандар: Бірінші проректор М.Е. Ермағанбетов, Oқу ісі жөніндегі проректоры А.Т. Құлсариева, Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар ісі жөніндегі проректоры Б.А. Қожамқұлов, Сорбонна-Қазақстан институтының директорлары Г.Б. Нурлихина және Марие-Анне Серв. Кездесу барысында Франкофония университеттік агенттігінің сарапшылары мақсаты француз тілін дамыту болып табылатын агенттік туралы айтып берді.
Алда сарапшылардың француз тілінің оқытушылары, Сорбонна-Қазақстан Институтының студенттерімен кездесіп, француз тілі сабақтарына қатысу ниеттері бар. Бірнеше айдан соң сарапшылар француз тілін шет тіл ретінде және арнайы мақсаттығы шет тілдерін дамыту ұсыныстары жазылған есеп дайындамақшы. Кездесу жылы, достық қатынаста өтті.