қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
23.09.2022

Инклюзивті білім беруді дамытуға ҚазҰПУ-дің қосқан үлесі зор

 


 

Абай университетінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Айгерім Кудеринованың студенттермен бейресми кездесуі өтт, - деп хабарлайды Dalanews.kzі.

 

«Қазақстандағы инклюзивті білім беру үрдісі» деп аталған кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева және студенттер қатысты.

 

ездесудің мақсаты - еліміздегі педагогика саласында болып жатқан өзгерістерді түсіндіру, сұраныстағы мамандықтардың қыр-сырымен бөлісу, болашақ ұстаздарға бағыт-бағдар беру.

 

Өз кезегінде ректор Дархан Біләлов мырза инклюзивті білім берудің маңыздылығына тоқталып, мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан бастамаларды атап өтті.

 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытатын мектептерді жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету маңызды міндет екенін жеткізді.

 

Инклюзивтік білім берудің тәжірибелі сарапшысы Айгерім Кудеринова студенттерге инклюзивтік білім берудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

 

Сонымен қатар, университет студенттері еркін форматта педагогикалық іс-тәжірибе барысында жинақтаған тәжірибелері туралы айтып, жалпы және инклюзивті білімге мұқтаж балалармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы көтерілген сұрақтар бойынша өз пікірлерін білдірді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ инклюзивті білім беруді дамытуға лайықты үлес қосып келе жатқан еліміздегі бірден бір оқу орын.

 

Мәселен, осы жылы «Дара» қорының қолдауымен инклюзивті білім берудің оқу-зерттеу зертханасы ашылды, онда осы саладағы сарапшылармен бірлесіп инклюзивті және арнайы білім беру саласында зерттеулер жүргізілген болатын. Бүгінде оқу орында студенттерді оқыту және жаңа формациядағы білікті, практикаға бағдарланған педагог кадрларды даярлауда зертхана ресурстары мен жаңа салалық технологияларды пайдалану барынша күшейтілген.

 

 

23.09.2022 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz