Главная
Новости
19.09.2022 Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау жалғасуда
Спикерлер жастардың әл-ауқатын арттырудың, білім алушыларды әлеуметтік қолдауды жаңғыртудың, білім беруді одан әрі дамытудың өзекті мәселелеріне шолу жасады, сондай-ақ болашақ педагог кадрларды даярлау сапасы жөніндегі бастамаларға ерекше тоқталды.
Іс-шарада Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясатын дамыту департаментінің директоры Ділдабек Дидарбек, тарих және құқықтану институтының аға оқытушысы, саясаткер, дінтанушы Дидар Мамырбаев пен 3-курс студенті, студенттік өзін-өзі басқару мүшесі Мағжан Шадихан, Педагогика және психология институтының 2-курс студенті Әлішер Мыңбай сөз сөйледі. Модераторлар - Тарих және құқық институты директорының әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Нұрлан Манапов, Педагогика және психология институты - Сәуле Шолтай.
Талқылауға 300-ден астам студент қатысты.
|