Главная /
СМИ о нас
12.09.2022 «Әділ мемлекет» семинар-конференциясы
2022 жылғы 12 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Әділетті мемлекет» тақырыбында семинар-конференция өтті. Town Hall форматында өткен шараға Жаратылыстану және география институтының 100-ден астам магистранттары мен студенттері қатысты.
Спикерлер - Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының м.а. Дидарбек Ділдәбек және Жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Бәкіров Президент Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып, адами әлеуетті дамыту - маңызды мәселелердің бірі, өскелең ұрпақтың, жастардың бәсекеге қабілетті болуы маңызды екенін атап өтті.
Дидарбек Ділдәбек ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами әлеуетті дамыту мен жастарды қолдауға бағытталған көптеген міндеттер алға қойып, ел болашағы үшін аса маңызды қадам жасағанын баса айтты. Сондай-ақ, департамент директоры қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап бере отырып, студенттерді ел үшін маңызды мәселелерді шешуге белсенді қатысуға, өз білімдерін туған елінің игілігі үшін жетілдіруге шақырды.
Қоғаммен байланыс департаменті |