қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.06.2022

«Жас толқын» көрмесі

 

2022 жылдың 8 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтында «Көркем білім» және «Дизайн» кафедраларының студенттеріне арналған жыл сайынғы емтихан қорытындысы бойынша жұмыстардың көрмесі өтті.

 

Көрмеге институттың профессор-оқытушылар құрамы мен әр мамандықтың 1,2,3,4 курс студенттері қатысты. Институт директоры Т.М. Қожағұлов көрменің ерекшелігін айта отырып, «ЖАС ТОЛҚЫН» студенттердің көрмесін «Жасампаз» галлереясында екінші мәрте ашып отырғандығына тоқталды. Сонымен қатар студенттердің беделі мен шығармашылық жұмыстарының жақсы деңгейге көтеру мақсатында жасалып отырылған көрме, ары қарай дәстүрлі форматта жалғасын табатынына және де студенттер көрмесі жылына екі мәрте ұйымдастырылып жұмыс жасалынатындығына ерекше назар аудару керектігін атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Көркем білім» және «Дизайн» кафедралары