қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
02.06.2022

Жану мәселелер институты


2022 жылдың 1 маусым күні Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты 2021/2022 жылдың Академиялық күнтізбесіне сәйкес оқу - өндірістік практиканы өткізді. «6В05301-Химия» мамандығының 2 курс студенттері өндірістік практикасы аясында «Жану мәселелер институты» лабораторияларымен танысты.

 

Оқу практикасы студенттердің университет қабырғасынан алған білімдерін практика жүзінде қолдана білді және болашақ ғылыми қызметкер ретінде зертханадағы жұмыстарға білім алушылардың ой-өрісін кеңейту мақсатында жүргізілді.

 

Жану процесі негізінде жаңа бағалы заттар - материалдар мен композициялар алу. Институтта пеш қалауға арналған отқа төзімді «Фурнон» материалдары, дәнекерлеу электродтары, құрылыс жұмыстарына арналған пигменттер мен бояулар, ағын суды тазалауға арналған көміртекті сорбенттер, қышқылға төзімді материалдар, дәнекерлеу электродтарын қаптауға арналған флюстер мен шихталар, детальдар мен бұйымдар алуға арналған толтырғыш полимерлер, оттан қорғаушы коррозияға қарсы «Бірлік-М» қаптамасы, тұрмысқа қажет отын брикеттері жасалып, өндіріледі. Құрылғаннан бастап институт өзін-өзі қаржыландырады. Жыл сайын институт қызметкерлерінің жүргізген зерттеу нәтижелерін баяндайтын ғылыми жинақ шығарылады және де лаборатория қызметкерлері өздерінің бағыттарын таныстырып, жүргізіліп жатқан жұмыс барысын түсіндірді.

 

  alt=