қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.03.2017

 

     
Германия елшілігі Қазақстандағы «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығымен бірлесе отырып 2017 жылың 16 наурызында неміс жоо білім беру мен ынтымақтастықты дамыту Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен бұл шара Қазақстан мен Германия арасында орныққан дипломатиялық қатынастың 25 жылдығына арналды.
«Бірге болашақты жасаймыз: Германия мен Қазақстандағы білім» тақырыбындағы конференция барысында екіжақты келісімнің білім саласындағы аспектілері, мүмкіндіктері мен келешегі айтылды.
Төрт панелді сессия аясында жоғары білім саласындағы ынтымақтастық, мектептегі білім беру саласындағы саясат, арнайы білім беру және білім беру мен мәдениет саласындағы саясат тақырыптары талқыланды.
Конференцияның негізгі мақсаты - герман-қазақстандық ынтымақтастық құрылымын нығайту және кеңейту.
Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшылары мен герамдық және қазақстандық білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Біздің университеттің атынан Ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша проректор Кенжебаев Ғабит Қапезұлы мен Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, профессор Абуева Нұрбану Әділбекқызы қатысты.
Абай атындағы ҚазҰПУ Германияның көптеген жоо ынтымақтастық орнатқан. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Германия жоо тегін білім алу жеңілдетілген құқығының арқасында еліміздің студенттерінің Германияға деген қызығушылықтары артып келеді.
2007 жылы қол қойылған «Maqna Charta Universitatum» келісімі Болон келісімі жасалған барлық білім беру мекемелерінде біздің университетіміздің дипломын мойындатқан Еуропа білім беру кеңістігіне жасалған маңызды қадам болды. 

 

 

 

 

a