Главная
Новости
30.05.2022 «Педагогикалық ғылым және білім: кеше, бүгін, ертең» дөңгелек үстелі
2022 жылғы 27 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогикалық цикл пәндері бөлімі (педагогика кафедрасы) педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Уманов Григорий Абрамовичты (1931-2021) еске алу күніне арналған «Педагогикалық ғылым және білім: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Халықаралық дөңгелек үстелдің модераторы Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов болды. «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Гүлмира Исимбаева да құттықтау сөз сөйлеп, Алматы қаласы Білім басқармасында басшылық еткен жылдары әріптес болған Григорий Абрамович туралы естеліктерімен бөлісті.
Егеменді Қазақстанның тұңғыш Білім және ғылым министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан-Американдық еркін ұйымының президенті Ережеп Мәмбетқазиевтың баяндамасында қызықты деректер мен өмірден және бірлескен жұмыстан естеліктер келтірілді. Ол Г.А.Умановтың бастамашылдығы мен тұлғалық қасиеттеріне тоқталды.
Одан әрі дөңгелек үстел бағдарламасына сәйкес оның шәкірттері мен ізбасарлары Әбілқасымова А.Е., Косов В.Н., Жампейісова К.К., Хайруллин Г.Т., Нұрғалиева Г.К., Шахгулари В.В., «Престиж» мектебінің директоры Кузьмина И.В. сөйледі. Дөңгелек үстел жұмысына Ресей Білім Академиясының академигі, профессор Джуринский А.Н. онлайн қатысты.
Іс-шара соңында Григорий Абрамовичтің ұлы, ф-м.ғ.к Уманов Борис Григорьевич сөз сөйлеп, жиынға қатысушыларға алғысын білдірді. Дөңгелек үстел жұмысына Алматы, Мәскеу және Шымкент жоғары оқу орындарының 70-тен астам өкілдері қатысты.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың болашақ оқытушылары, студенттері, магистранттары, докторанттары, жас ұстаздар, Алматы қаласындағы мектеп мұғалімдері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары, оқытушылар, Алтынсарин атындағы ҰҒА адамды үйлесімді дамуы институтының өкілдері қатысты.
|