Главная
Новости
03.05.2022 Қазақстан халқы Ассамблеясының XXX және XXXI сессиялары
2022 жылғы 28-29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгеруішісі, қауымдастырылған профессор Г.П. Шаһарман Қазақстан халқы Ассамблеясының XXX және XXXI сессияларының жұмысына қатысты.
Жұмыстың алғашқы күнінде «Ел бірлігі - жаңарған қазақстанның тірегі» үш бірдей үлкен секциядан тұратын қызықты диалог алаңына қатысты.
Олар: «Саяси реформалар бағдарламасы және жалпыұлттық бірлік. Жаңа Қазақстан және Қазақстан халқы Ассамблеясын жаңғырту», «Халық бірлігі: білім беру, мәдениет, азаматтық қоғам институттары мен mass media рөлі» және алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында жастар секциясы өтті. Онда депутаттар, ҚХА мүшелері, тарихшы ғалымдар, тілтанушылар, саясаттанушылар, ЭКО өкілдері қоғамды жаңғырту қажеттілігі мен қазақ тілінің қоғамды біріктірудегі рөлі туралы сөз сөйледі.
XXXI сессияда, Ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың сөйлеген сөзіне қарап, шын мәнінде, біз жаңа оқиғаларға куә болдық деген сезім күшейе түсті! Мемлекет басшысы өз сөзінде, ҚХА бейбітшілік пен келісім саясатының берік институционалдық тірегі болып қала беретініне сенімді екендігін, сонымен қатар бүгінгі сессияның міндеттері - Ассамблеяның саяси жүйені реформалаудағы орны мен рөлін айқындау және оның одан әрі даму векторын белгілеу екендігіне жіті тоқталды. Сонымен қатар, біздің саяси жаңғыртудың іргелі құрамдас бөлігі «біз әралуанбыз - біз біргеміз» қағидаты болып табылатындығын негізге алатындығымызды, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі үш басымдығын айқындап көрсетті. -Біріншісі, ҚХА-ның саяси реформаларды жүзеге асырудағы рөлін күшейту. - Мәжілістегі ҚХА квотасының алынып тасталуы бірқатар мәселелерді, атап айтқанда, демократиялық жолмен сайлау стандарттарының сақталуына көмектеседі. Ал Ассамблеяның атынан ұсынылған депутаттар Қазақстанның этностық топтарының мүдделерін жалпыұлттық интеграция мен этномәдени әралуандығы негізінде ерекше тиімділікпен қолдау білдіре алатын болады. Мұндай модель Қазақстанның парламенттік жүйесіндегі ерекшелік пен халықаралық тәжірибені айқын көрсетеді.
Президент сөзінің тағы бір басымдығы, ҚХА қоғамдық белсенділігін арттырып, оның іс-шаралары туралы ақпараттық жұмыстарды күшейту мәселесі болды.
Қ.Тоқаевтың пікірінше, еліміздің кез келген азаматы Қазақстан қоғамы кеңістігіндегі әрбәр сөзі мен ісінде ұлттық мүдде мен қазақстандық отаншыл ұстанымдарды басшылыққа алғаны жөн.
Президент келесі айда ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды жұмылдыруға бағытталған жаңа диалог алаңының - «Ұлттық құрылтайдың» бірінші отырысын өткізуді жариялады.
Ал, үшінші басымдық-құқық қорғау қызметін күшейту. Осы бағытта Ассамблея Медиация негізінде кәсіби келіссөз жүргізушілердің бірегей институтын құруға кірісе бастады. Осы бағытты кеңінен қолдап, орнықтыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет.
Мемлекет басшысы Қазақстанның өмірдің барлық саласында батыл өзгерістер жолына түскенін атап өтті. Осыған байланысты Конституцияға және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін өзгерістер енгізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев диалог мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға жеке тоқталды. Оның айтуынша, мұның бәрі елдің жарқын болашағы мен халықтың әл-ауқаты үшін қажет екенін атап өтті. Тәуелсіз дамыған Қазақстан мемлекеті халқының алдына міндеттер қойылды және оларды шешуді бүгіннен бастау керек!
|