қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.04.2022

«Біздің таңдауымыз химия, ал сенің таңдауың?» іс-шараcы

 

2022 жылдың 27 сәуірінде Жаратылыстану және география институты «Химия» ББ тобының аға оқытушысы Жанар Қорғанбаеваның жетекшілігімен «6В01510-Химия» мамандығының 3-курс студенттері №59 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушыларына мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Біздің таңдауымыз химия, ал сенің таңдауың?!» тақырыбында іс-шара өткізді.

 

Қатысушылар - №59 мектеп-гимназияның директоры Айжан Қасымова, мектеп ұстаздары, оқушылар, институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, «Нұр деканат» мүшелері және «Әлеуметтік ғылымдар (психология)» ББ тобының әдіскер психологы Бекжанова Сания.

 

Нұрлан Манапов оқушылардың «Химия болашақта» және «Химияның соңғы жаңалықтары» постерлері туралы пікір білдіріп, эссе жеңімпаздарын сыйлықтар мен грамоталармен марапаттады.

 

Жанар Қорғанбаева институт мамандықтары, химия мамандығының ерекшелігі, бүгіні мен келешегі және талапкерлерге қойылатын талаптар туралы ақпараттар берді.

 

Студенттер әр түрлі эксперименттік тәжірибелер көрсетіп, оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Күй тартылып, ән айтылып, би биленді және мамандық таңдау туралы тренинг жүргізілді. Аталған іс-шарада оқушылар оқуға түсу, мамандық таңдау туралы көкейлерінде мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды. Іс-шараның соңында мектеп басшылықтарының жауапты өкілдеріне, оқушыларға сый-сияпат тарту етілді.