қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.09.2016

ТІЛІ ЖОЙЫЛҒАН ЕЛ - ТІРІ ЖОЙЫЛҒАН ЕЛ


22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі аясында 2016 жылдың 23 қыркүйегінде университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеті мен Тарих және құқық институтының Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен №10 оқу ғимаратының фойесінде университет деңгейінде «Тіл - халықтар достығының тірегі» атты мерекелік-танымдық акция өткізілді. Тіл мерекесіне орай қыркүйек айының 16-22 жұлдыздары аралығында өткізілген апталықтың қорытынды кезеңінде Тарих және құқық институтының Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің концерттік бағдарламасы тамашаланып, институт студенттері көпұлтты мемлекетіміздің ынтымағы ұйысқан бірлігі мен әрбір ұлттың өзіне тән ерекшеліктерін көрсете білді. Мерекелік шара барысында университеттің тәрбие ісі жөніндеі проректоры, профессор Ж.Е.Ішпекбаев және Тарих және құқық институтының директоры, профессор Б.С.Жұмағұлов белсенділік танытып, өз өнерімен оза шыққан университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерін университет басшысының атынан марапаттады. Марапаттауға ие болған университет студенттері Абай атындағы ҚазҰПУ өнерлі жастары құрамасына іріктелді. Мерекелік шара кезінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы А.Н.Абдыхалықов, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор М.К.Төлековалар құттықтап, шараға белсене ат салысқан барлық институттың белсенді студенттері мен топ басшыларына «Жайдарман» республикалық КВН ойындарын тамашалау үшін билеттер табысталды.


Абай атындағы ҚазҰПУ
Тарих және құқық институтының
тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары
Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын