қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.04.2022

Абай университетінің ғалымдары - Мәскеу заң форумында

 

2022 жылғы 14-16 сәуірде Абай университетінің ғалымдары профессор-зерттеуші Хамзина Ж.А. және профессор Бурибаев Е.А. «LEGALTECH: кәсіби заң қызметіне арналған ғылыми шешімдер» ІХ Мәскеу заң форумының жұмысына қатысты.

 

Мәскеу заң форумының идеялық шабыттандырушысы - О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университеті (ММЗУ) және Форумның бас серіктестері - Ресей заңгерлер қауымдастығы мен Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институты. Абай университеті ғалымдары баяндама жасап, Қазақстанның құқық ғылымы саласындағы соңғы әзірлемелері мен зерттеу нәтижелерін ғылыми заң қоғамдастығына ұсынды.