қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
14.04.2022

«Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі» пәні бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы

 

2022 жылдың 10-13 сәуірі аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «6В01402 - Музыкалық білім беру» бағдарламасының «Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі» пәнінен ХІV Республикалық студенттік пәндік олимпиадаcы өтті. Олимпиада «Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі» (негізгі), «Музыкалық ағартушылық» (қосымша) номинациялары бойынша жүргізілді.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атынан Олимпиадаға «Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі» номинациясы бойынша (жетекшілері: фортепиано аспабынан п.ғ.к., проф.м.а. Ибраева Қ.Е.; домбыра аспабынан ҚР Мәдениет қайраткері, аға оқытушы С.Мәлімбай, хорды дирижерлау пәнінен п.ғ.к., қауым.проф. С. Т.Балагазова) «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының 2 курс студенті Марат Назгүл және «Музыкалық ағартушылық» номинациясы бойынша 4 курс студенттері Смаил Мөлдір мен Батырбекова Ұлпан (жетекшісі: п.ғ.к, проф.м.а.Какимова Л.Ш.) қатысты.


Музыка мұғалімінің кәсіби даярлығы мен орындаушылық шеберліктерінің жоғары деңгейін көрсетіп, өз номинацияларында Смаил Мөлдір ІІ дәрежелі, ал Марат Назгүл III дәрежелі дипломдарының иегерлері болып атанды.


Олимпиада жүлдегерлері мен олардың жетекшілерін шың жүректен құттықтай отырып, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!