Главная
Новости
14.04.2022 «Қазақстанда азаматтардың құқықтық сананы көтеру ережелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2022 жылдың 13 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қазақстанда азаматтардың құқықтық сананы көтеруережелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді Тарих және құқық институтының директоры А.М. Джунусов ашық деп жариялап, алғы сөз ғылыми істер жөніндегі проректоры Е.А. Бурибаевқа берілді.
Модератор «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Б.М. Кошпенбетов іс-шараға қатысушы спикерлерді таныстырды. Спикерлер - ҚазҰАЗУ профессоры Б.Ж. Қуандықов, Алматы қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты М.С.Рахметжанов, Алматы қаласы Жетісу ауданының 2 аудандық сотының судьясы Н.З. Батырхан, Алматы қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты А.Е.Меңліғазиева, Адвокаттар алқасының адвокаты, қазақ қоғамының қайраткері Э.Ж. Кишкенебаева, аға оқытушылар Г.Б.Мейірбекова және Д.Ж. Белхожаева баяндама жасады. Іс-шарада «Құқықтану» мамандығының студенттері мен магистранттары - Серік А.С., Асан А.Ғ., Мәдіхан Ш.Ә., Батырбаев Қ.Ә., Утегенова Ұ.С., Боханова А. баяндамаларын жасады.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - құқықтық сана - сан қырлы феномен. Қазақстандағы азаматтардың құқықтық сана заңдылықты нығайтудың берік кепілі ретінде танылатындығы, оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты екендігі талқыланды.
Іс-шара «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Б.М. Кошпенбетовтың, Д.С. Байсымакова, мен Қ. Тұрлыханқызының басшылығымен өтті.
|