қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.04.2022

Қ.Ш.Шүлембаевтың 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Философия барлығы үшін: дәстүрлер, үрдістер мен таяу болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

2022 жылдың 8 сәуірінде университеттің Ғылым онкүндігіне орай Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен танымал ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, қазақстандық дінтану мектебінің негізін қалаушы Қ.Ш.Шүлембаевтың 85 жылдығына арналған «Философия барлығы үшін: дәстүрлер, үрдістер мен таяу болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы өтті.

 

Конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры А.Т.Құлсариева, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты бас директорының орынбасары Ш.Е. Джаманбалаева, Тарих және құқық институтының директоры А.М.Джунусов, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Ә.А. Құранбек, «Философиялық Конгресс» ҚБ вице-президенті, философия ғылымдарының докторы, С. Ю. Колчигин, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Т. Берлібаев, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор C.Е. Нұрмұратов сияқты республикаға белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

 

Конференцияның ұйымдастыруы мен өтілуіне саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.Қ. Симтиков пен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы атсалысты.

 

Конференцияға Қ.Ш.Шүлембаев туралы, қысқаша кинодерек көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ғалым туралы оның замандастары ой-пікірлерімен бөлісіп, сағына еске алды.