Главная
Новости
07.04.2022 «Жаңа Қазақстан» контекстіндегі этносаясаттың өзекті мәселелері тақырыбындағы қонақтық дәріс
2022 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан» контекстіндегі этносаясаттың өзекті мәселелері тақырыбында қонақтық дәріс өткізілді. 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шараны академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайролла Жанбеков ашты. Дәрісті арнайы шақырылған құрметті қонақтар - Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері: «Филия» Қазақстанның грек қоғамдары қауымдастығының төрағасы Иорданиди Георгий және «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі басшысының орынбасары Қасымов Қазақбай өткізді. Олар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жаңа Жолдауында қойылған міндеттерді жан-жақты түсіндіріп, оларды жүзеге асыру бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Шахарман Гүлжихан қорытынды сөз сөйледі. Дәріске Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары Джайнакбаева Г.Т., Оспанова Р.Р. және университеттің бірінші курс студенттері қатысты.
|