Главная /
Объявления
22.10.2019 Құрметті әріптестер!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Сіздерді 2019 жылдың 22 қарашасында өтетін «Рәбиға Сыздық феномені: қазақ тіл білімінің бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады. Іс-шара белгілі тілші-ғалым, түркітанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Түркия «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың, «Құрмет белгісі», «Парасат», I дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, есімі Қазақ ССР-інің «Құрметті Алтын кітабына» жазылған қазақ тілтанымының кемеңгері, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың туғанына 95 жыл толуына орай өткізіліп отыр.
Конференцияда оның ғылыми мұрасы, өзі құрған қазақ тіл білімі мектебі, қазақ және түркі тілдерін рухани жаңғырту саласындағы соңғы зерттеулері қарастырылады.
|