қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
31.03.2022

QS Stars халықаралық рейтингісінде Абай университеті (ҚазҰПУ) 4 жұлдызды иеленді

 


 

Биыл Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет QS Stars Rating System беделді халықаралық рейтингісіне қатысып, ықтимал бес жұлдыздың ішінен «4 жұлдыз» жоғары бағаға ие болып, 1000-нан 752 балл жинады.

 

QS Stars рейтингінің негізгі ерекшелігі - талдау жоғары оқу орындарын басқа жоғары оқу орындарымен салыстыруға емес, университеттің күшті жақтарына баса назар аударуға негізделген. QS Stars университеттер қызметінің кең ауқымын және оның жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін көрсететін 50-ден астам көрсеткіштерді кешенді талдау нәтижелері бойынша жалпы 0-ден 5+ жұлдызға дейінгі шкала бойынша университеттерді бағалайды.

 

QS Stars рейтингі бойынша ҚазҰПУ 4 санат бойынша 5 жұлдызға ие болды: «Білім беру», «Онлайн оқыту», «Жұмыспен қамту» және «Инклюзивтілік». Кез келген университет үшін бұл санаттар ерекше маңызды, өйткені олар университет қызметінің негізгі мәнін қамтиды. «Білім беру» санаты студенттердің профессорлық-оқытушылық құрамына қатынасын, жалпы студенттердің қанағаттануын және білім сапасына, сондай-ақ олардың алдағы жылдарда магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыру ниетін бағалайды.

 

QS Stars рейтингінің 5 жұлдызына бағаланған жоғарыда аталған санаттар (қызмет түрлері), қоғамға, біздің барлық стейкхолдерлерге түсінікті хабар береді, Абай университетінің студенттері сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәстүрлі және онлайн оқыту нысаны есебінен үздік оқытудың арқасында сапалы білім алады, мұны біздің түлектеріміздің жұмысқа орналасуының жоғары деңгейі дәлелдейді. Жылдам өзгеретін технологиялық әлем және күтпеген жерден келген пандемия жағдайында, білім виртуалды кеңістікке жылдам ауысқанда, университет цифрлық платформалардағы жұмысын қайта құрылымдауға қол жеткізді, сондықтан «Онлайн оқыту» санатында 5 жұлдызға лайық болды. Университетке инклюзивтілік қағидатын ұстану номинациясы бойынша да 5 жұлдыз берілгенін қуана атап өтуге болады. Университетте мүмкіндігі шектеулі студенттерге кеңес беру-тәжірибелік қолдау көрсету орталығы жұмыс істейді, кітапханада ерекше білім алуға қажеттіліктері бар студенттерге арналған арнайы орындармен жабдықталған және т.б.

 

Университет жұмыспен қамту бойынша 5 жұлдызды алады деп күтілген болатын, өйткені QS Graduate Employability Rankings жыл сайынғы есебінде - Абай университеті түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша әлем университеттерінің рейтингісінде «Жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі» көрсеткіші бойынша 38-орынға ие болды. Бұл критерий түлектердің де, университеттің де бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Абай университеті білім беру бағдарламаларын жобалау кезеңінен бастап, тәжірибеден өту барысында жұмысқа орналасуға дейін жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынаста болады, дуалды оқыту элементтерін енгізеді, практикалық базаларда кафедра филиалдарын құрады. Университетте тұрақты түрде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері» өткізіліп, жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңестер беріледі, студенттерге жұмыс іздеуге арналған мобильді қосымша жасалды. Мұның барлығы түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары деңгейі түрінде нәтижелерін береді. Бүгінгі күні біздің түлектер еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істеуде және QS Stars сауалнамасы бойынша жұмыс берушілерден оң пікірлерін алды.

 

Интернационалдандыру өзара әрекеттесуді, халықаралық және ғылыми ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлық пен студент алмасуды, шетелдік студенттер саны мен ұлттық сан алуандылықты қамтиды. Осы іс-шаралардың барлығы университеттің халықаралық аренадағы беделіне әсер етеді. Бұл категория бойынша университет рейтингісі 4 жұлдызды құрайды. Университет әлеуметтік жауапкершілік қағидатын жүзеге асырғаны үшін де 4 жұлдызға ие болды. Университетте қоршаған ортаны қорғау, айналадағы қоғамға қызмет ету, маңызды қайырымдылық және волонтерлік жобаларды жүзеге асыру мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылатыны баршаға мәлім. Мәселен, «Акселератор добра: Izgilik elshisi» еріктілер қозғалысы республикалық деңгейде кең қолдауға ие болды.

 

Университет үшін маңызды жетістіктің бірі - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы «Күшті бағдарлама» санатына енуі біздің мамандандырылған педагогикалық университет ретіндегі мамандығымызды тағы бір мәрте растап, елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де өз орнын көрсетеді.

 

Қорытындылай келе, 3 жұлдызбен бағаланған ғылыми-зерттеу қызметінің санаты одан әрі даму нүктесін көрсететінін атап өткен жөн. Ғылыми гранттар конкурстарына қатысуды белсендендіру, беделді басылымдардағы жарияланымдар санын көбейту, сәйкесінше дәйексөздер санын арттыру және т.б. - педагогикалық зерттеу университетіне айналу жолында ерекше көңіл бөлінетін болады.

 

QS Stars ұсынған «4 жұлдыз» - бұл Абай университетінің әлемдік ғылыми және білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігі мен академиялық беделінің мойындалуы, оның инклюзивті білім беру идеясына адалдығының дәлелі, демек ТДМ 4 - Тұрақты даму мақсатында білім беру ортақ міндеттеме.

 

   

 

Стратегия департаменті