Главная
Новости
30.03.2022 «Менің болашағым: Мен кеше. Мен бүгін. Мен ертеңмін» форумы
Мектептермен ынтымақтастық аясында 2022 жылдың 28 наурызда Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейінде «Менің болашағым: Мен кеше. Мен бүгін. Мен ертеңмін» оқушылар форумы өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының оқытушы, «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналының жауапты хатшысы Сауле Исалиева және И.В.Панфилов атындағы ҚРММЛ директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Динара Ерданинова.
Сараптама комиссияның жұмысына Ресей білім беру академиясының аға ғылым қызметкері Татьяна Попова (Мәскеу, Ресей); педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы бас редакторының орынбасары Әлия Момбек; мектеп-лицейінің педагог-психологтары Кристина Власова және Гүлмира Төлеген; Халықаралық Бизнес университетінің екінші курс студенттері Пинских Ксения және Таворбанева Аделина қатысты.
Форумға 9 «В» сынып оқушылары қатысты, аталмыш іс-шара 2017 жылы өткен мектеп оқушылар форумының жалғасы болды. Одан кейін 5 «Б» сынып оқушылары үш топқа бөлініп, «Мен кеше», «Мен бүгін», «Мен ертеңмің» тақырыбындан баяндамалар жасап, өмірдің мәні мен өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды. Енді міне, олар қандай жетістіктерге жеткенін, өмірдің мәні қалай өзгергенің айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті, мамандар мен көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
Барлық қатысушылар номинациялар бойынша командалық дипломдарға ие болды және сергектік пен көңілдікке ие болды. Оқушылармен өзара әрекетті ұйымдастырудың бұл түрін мектеп психологтары мен сынып жетекшілерінің жұмысында кәсіптік бағдар беру, оқушыларды тәрбиелеу және тұлғалық дамыту мақсатында пайдалануға болады.
|