Главная
Новости
29.03.2022 Магистрант-аудармашылардың зерттеу тәжірибесінің нәтижелері
2022 жылдың 28 наурызында Филология және көптілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасында «Аударма ісі» мамандығы бойынша магистранттардың зерттеу тәжірибесі қорытындыланды.
Ұзақ үзілістен кейін магистранттар қайтадан Тіл білімі саласындағы еліміздің жетекші ғылыми орталығы болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында зерттеу тәжірибесінен өтуге мүмкіндік алды. Бұл арасында ғылым мен білім интеграциясының мемлекеттік курсына сәйкес институт пен университетіміздің келісім шартқа отыруына байланысты болды.
Бұл тәжірибенің мақсаты - отандық және шетелдік аударматану ғылымының соңғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін зерттеу, практикалық зерттеу қабілеттіліктерін дамыту, диссертациялық жұмыста тілдік деректерді заманауи әдістерін қолданып, жинау, өңдеу.
Кафедра оқытушылары мен А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының қатысуымен бастапқы және қорытынды конференциялар өтті. Әрбір магистрантқа диссертациялық жұмыстың тақырыбына сәйкес жеке тапсырма берілді; оларды жүзеге асыру Тіл білімі институтының қызметкерлерімен кеңесу және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми кітапханасында жұмыс істеу арқылы мүмкін болды. Биылғы тәжірибенің ерекшелігі - жоғарыда аталған ғылыми орталық қызметкерлердің ғылыми жобаларындағы көрініс тапқан қазақ тіл ғылымының өзекті мәселелерін зерделеу арқылы магистранттардың жалпы кәсіби ой-өрісі кеңейтілді.
«Аударма ісі» мамандығы магистранттарының зерттеу тәжірибесінің ғылыми жетекшісі, профессор А.Қ.Жұмабекова жүйелі түрде магистранттармен кеңес жүргізіп, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылау, құжаттаманың барлық түрлерін толтыру жұмыстарын іске асырды.
Соның нәтижесінде магистранттар өз міндеттерін ойдағыдай атқарды. Барлық магистранттар (Балтақара Арай, Насибуллина Зульфира, Қайырбекова Әйгерім, Тусупова Жанар, Тлендиев Ардақ) халықаралық және республикалық ғылыми іс-шараларға - конференцияларға, семинарларға, вебинарларға қатысты, диссертацияларын аяқтады, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде зерттеу тақырыптары бойынша мақалалар жариялады.
|