қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.03.2022

Жаңа ұрпақ мектебі - NGS өкілдерімен кездесу


2022 жылдың 17 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов Жаңа ұрпақ мектебі - NGS өкілдерімен кездесті. NGS заманауи педагогикалық әдістер мен инновациялық технологияларды белсенді қолданатын мектеп. Кездесуге университетіміздің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Бектемесов және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов қатысты.


Шара барысында аталған мектеп өкілдеріне Абай университетінің қызметі, университеттің даму стратегиясының негізгі бағыттары таныстырылды. Іске асырылып жатқан Honors College, «Цифрлық еріктілік» жобалары және «Web-тьютер» бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтылды.


Мектептермен өзара іс-қимыл, ұзақ мерзімді ынтымақтастық және NGS мен Абай университеті арасында меморандум жасасу, атап айтқанда, студенттік практиканы ұйымдастыру, жаңа формациядағы педагогты қалыптастыру, тәжірибе алмасу, ортақ іс-шаралар өткізу, қызметкерлерімізді өзара оқыту мүмкіндіктері, орта білім берудегі заманауи тәсілдер, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелері талқыланды.

Дархан Біләлов университеттің мектептермен және олардың директорларымен өзара әрекеттесуінің, орта және жоғары білім сапасын арттырудың, заманауи мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтіп, біздің университет педагогикалық кадрларды қамтамасыз етуге, еліміздің білім беру жүйесінің барлық қатысушыларының ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеуге және іске асыруға көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар институт директорлары мен университеттің профессор-оқытушылар құрамының Жаңа ұрпақ мектебі - NGS-ге сапары туралы келісті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс департаменті