қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.03.2022

«Жас педагогтің негізгі мәселелері» халықаралық дөңгелек үстел

 

Кәсіби қызметке алғашқы қадамын жасай отырып, бүгінгі студент - ертеңгі педагог белгілі бір қиындықтарға тап болады. Оларға бәрі бейтаныс, түсініксіз болып, алдарына қойған мақсатына жету үшін өте үлкен күш салуды талап етеді.

 

Сабақ уақытын сауатты түрде жобалай алмау, сабақ кезеңдерінің ретін логикалық тұрғыдан құра алмау, жаңа материалды түсіндіру барысындағы қиындықтар, әріптестерімен өзара тіл табыса алмау - міне, бұлар жас мұғалімнің жолында кездесетін мәселелердің ең басы десек болады. Жұмыс жасауға қажет болатын нормативтік құжаттарды, сондай-ақ пән бойынша әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтарды оқып үйренетін болса, жоғарыдағы және одан да басқа мәселелерді оңай шешуге болады. Өздеріңіз сияқты «қателіктер мен сынама әдістері» арқылы еңбек жолын бастаған тәжірибелі әріптестеріңіздің де көмегі орасан зор.

 

2022 жылдың 3 наурызында Халықаралық дөңгелек үстелге біздің университеттің, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің, Қазан федералды университетінің, В.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің студенттері мен Алматы қаласы мектептерінің педагогтері қатысты. Педагогтердің басым көпшілігі - кәсіби іс-әрекетінде жоғары табыстарға жеткенімен, ЖОО-нан әлі байланысын үзбеген біздің университеттің түлектері. Олар - Марина Дерикошма («М.Бегалин атындағы №120 Гимназия КММ), Елена Бражникова (№ 82 ОМ), Алла Козленко, Наталья Бросалина, Зоя Решетова, Ольга Олефир, Анна Алексеева, Елена Усова («Bilimkana-Almaty» мектебі).

 

Студенттер дөңгелек үстелдің тақырыбына сәйкес алдын-ала сұрақтар дайындады. Ол сұрақтарға тек педагогтер ғана емес, студенттердің өздері де жауап берді. Барлық сұрақтарға жеткілікті деңгейде жауаптар алынды. Педагогтер өздерінің кәсіби деңгейге көтерілу тәжірибесімен бөлісті.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы осындай бас қосулардың студенттерге де, педагогтерге де өте қажет екендігін баса айтты. Студенттер аға ұрпақтың тәжірибесін өз бойларына сіңіруге тырысты. Мұғалімдер ілгеріде әріптестері болатын студенттердің педагогикалық кәсіби қалыптасуының барысымен танысты.

 

Дөңгелек үстелдің модераторы - Рябова Е.В.

 

Спикер - Кдырбаева А.А.