Главная
Новости
02.03.2022 «Арнайы дефектологиялық білім берудің өзекті мәселелері» вебинары
Виртуалды зертхананың қызметі аясында З.А. Мовкебаева және 2022 жылғы 1 наурызда инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы педагогтар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес «Арнайы дефектологиялық білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді.
Осы вебинардың спикері ретінде А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің проректоры, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің Сараптамалық кеңесінің мүшесі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, РМК тиімділігін бағалау үшін ғылым және жоғары білім Министрлік комиссиясының сарапшысы, профессор - Лариса Кобрина.
Вебинарға облыстық және аудандық білім басқармаларының өкілдері, мектепке дейінгі, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының әкімшілігі мен педагогтары қатысты.
|