Главная
Новости
11.02.2022 Foundation (from Asia) жобасы: «Бейбіт режимге көшудің Корей түбегінің қауіпсіздігіне әсері»
2022 жылдың 10 ақпанында Тарих және құқық институты «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Eurasia Foundation (from Asia) жобасы бойынша дәріс сабағы өтті. Дәрісті антрополог, профессор Soon-ok Myong жүргізді. Дәрістің тақырыбы «Бейбіт режимге көшудің Корей түбегінің қауіпсіздігіне әсері» тақырыбында өтті. Профессор дәріс барысында аудиторияға Солтүстік Корея және Оңтүстік Корея дегенде қандай елес көресіздер деген сұрақты қойды. Сұраққа докторанттар өте ерекше ынтамен жауап берді. Әрі қарай профессор Soon-ok Myong 1950 жылдары басталған Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы соғыстың нәтижесі екі жаққа да экономикалық және моральдық тұрғыдан ауыр тигендігін атап өтті. БҰҰ араласуымен бұл соғыс тоқтатылғанымен екі ел арасында әлі күнге дейін бітімгерлік келісімшарттарының болмауынан қауіпсіздіктің де толыққанды емес екендігіне тоқталды. Келісімшарттың болмауынан түбек халыұтарына қауіп төніп тұрғанын айтты.
Аудитория тыңдармандары кафедра оқытушылары, магистранттар мен докторанттардан құралды. Ғылыми ортаға өз сұрақтарын қойып, тиісінше жауаптар да алып ойдағыдай нәтижелі өтті.
|