қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.02.2022

Абай университеті басшылығының «Болашақ» стипендиясы иегерлерімен кездесуі

 

2022 жылдың 8 ақпанында университет басшылығы мен «500 ғалым» жаңа бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған «Болашақ» стипендиялық бағдарламасының жеңімпаздары арасында кездесу өтті.

 

Кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов «Болашақ» бағдарламасының барлық жеңімпаздарын бүкіл университет атынан алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін күш пен қуат, ғылыми тағылымдамадан өту барысында алған білімдерін тиімді пайдалану, сонымен қатар алдағы уақытта да жеңістер мен биік белестерді бағындыруды тіледі. Ректор, ең алдымен, «500 ғалым» бағдарламасы бойынша «Болашақ» стипендиясын алу конкурсына жұмсаған жеңімпаздардың еңбегі мен жігерінің көрсеткіші екенін атап өтті.

 

Өз кезегінде барлық стипендия иегерлері университет басшылығына, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық департаменті ұжымына алғыстарын білдірді.

 

Еске салайық, университетіміздің тарихында алғаш рет 14 оқытушы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. «Болашақ» бағдарламасы оқытушылар мен студенттерге әлемнің үздік университеттерінде жаңа озық білім мен тәжірибе алуда зор мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.

 

Әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту стипендиаттардың туған еліне оралған соң біздің жастарға беретін әлеуетін ашуға, жаңа білім алуға көмектеседі.

 

Бүгінде «Болашақ» Қазақстандық білім берудің табысты бренді. Бұл бағдарламаның тиімділігін отандық және шетелдік сарапшылар айтуда. Өйткені, стипендиаттар туған жеріне жаңа идеялар мен тәсілдер әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар, әлемдік кәсіпқойлар қауымдастығымен байланыс орнатып әкеледі.

 

Ең құндысы - «Болашақ» бағдарламасы баршаға бірдей мүмкіндік береді.

 

«Болашақ» бағдарламасын жаңғырту аясында ғылыми-педагогикалық қызметкерлер арасында тағылымдамадан өтуге үлкен қызығушылық тудырған жаңа бағыт - «500 ғалым» бағдарламасы енгізілді. Сол себепті, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарының қатары жыл сайын арта береді деп сенеміз.