қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.12.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның заң ғылымының дамуы»

халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

2021 жылғы 24 желтоқсанда Тарих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, «Тәуелсіз Қазақстанның заң ғылымының дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Конференцияның алғы сөзін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев, Тарих және құқық институтының директоры Әділ Жүнісов, Құқықтану кафедрасының меңгерушісі Бакытгали Кошпенбетов алып, конференцияның сәтті өтуіне лебіздерін білдірді.

 

Конференцияға арнайы шақырылған қонақтарымыз Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотының төрайымы Айгуль Маликова, «Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізудың үш буынды моделі» тақырыбында, Алматы қаласы №2 Бостандық аудандық қылмыстық істер сотының судьясы Қуаныш Терлікбаев «Қылмыстық атқару құқығындағы түзеу жұмыстарына тарту жазасын қолдану негіздері», Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ұлан Қажыкен «Проблемы примирения с госорганом в рамках административной юстиции» тақырыптарында пленарлық сессияда баяндама жасап, конференцияға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Конференция жалғасы Құқықтану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының әр құқық саласы бойынша дайындаған баяндамалары талқыға салынды.