«League of chemist`s» интеллектуалдық сайыс
2021 жылдың 4 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, химия және химиялық технологиялар факультетінің студенттері ұйымдастырған, Алматы қаласының ЖОО-дары арасында, «League of Chemist`s» тақырыбындағы интеллектуалдық сайыс өткізді www.kaznu.kz. Интеллектуалдық сайыс бес турдан тұрды.
Сайысқа Алматы қаласының 6 жоғары оқу орындарының студенттік командалары қатысты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ , Қыздар педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті. Барлығы 9 команда қатысты.
Осы аталған интеллектуалдық сайысқа Абай атындағы ҚазҰПУ атынан «Элемент» командасы қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді. Команда жетекшісі - химия магистрі, аға оқытушы Өтемісова Арайлым Жұбатқанқызы.
Қатысушылар тізімі:
1.Абдықадыр Аружан, «6В05301-Химия» мамандығының 3 курс студенті;
2.Жасанбаева Акнур, «6В05301-Химия» мамандығының 3 курс студенті;
3.Жаныбек Дильназ, «6В01512-Химия-биология» мамандығының 2 курс студенті;
4.Калыбаева Аяжан, «6В01512-Химия-биология» мамандығының 2 курс студенті;
5.Жұмабек Анеля, «6В01512-Химия-биология» мамандығының 2 курс студенті.
Мұндай жобалардың студенттерге берері - интеллектуалдық даму, шектеулі уақыт ішінде үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті, тәуекел ету және тез шешім қабылдау, топтық қарым-қатынас жасау. Сондай-ақ, жаңа достар табуға, курстастармен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді, жағымды, қуанышты әсерлер сыйлайды.


