қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
06.12.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен магистранттарының 76-шы ғылыми конференциясы

 

2021 жылдың 02 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттер мен магистранттардың дәстүрлі №76-ғылыми конференциясы өтті. «Тіл теориясы мен әдістемесінің жаңа бағыттары» секциясы бойынша қазақ топтарынан 21 студент, өзге мамандықтардың орыс топтарынан 5 студент ғылыми баяндама жасады. Әсіресе, физика-математика, құқық мамандықтары студенттерінің қазақ тілі мәселелері төңірегінде баяндама жасауы көңіл қуантады. Баяндамалардың тақырыптары өзекті, қызық. Қорғаушылардың сөзі жүйелі, ойлары ұтымды, ғылыми тұжырымдары нақты.


Зерттеу тақырыбының қызықтылығы әрі ғылыми негізі, қорғау мәнерімен ерекшеленген төмендегі студенттер комиссия мүшелерінің және қатысушы студенттердің ортақ бағалауы бойынша төмендегідей нәтижеге ие болды:

1орынды Әділбек Аружан, Айдархан Айгерім, Әділ Сымбат, ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Бақбергенова Роза (Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілтанымының негізін салған ғалым). 2 орын Тоқсанбаева Қарақат, ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор Алибаева Меруерт (Қазақ тілінде жазылған жарнамалардағы орфографиялық және пунктуациялық қателер) және Ақмағамбетова Ақниет, ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор Жиренов Саян ( Цифрлық кеңістіктен қазақ тілі қолданысының ерекшеліктері). 3 oрын Тулымова Мерей, ғылыми жетекшісі: PhD Беласарова Жайдар (Орыс тілді аудиториядағы студенттердің қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары), Қонысбек Айым, ғылыми жетекшісі: доцент Қалыбаева Қаламқас (Қазақ фразеологизмдеріндегі кісі есімдерінің тарихы) және Арғынбек Нұрайлым, Чүкір Айгерім, ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Сейталиева Қарлығаш (Көнерген сөздерді интертәсілдер арқылы оқыту).

 

Университет басшылығы атынан алғыс хаттармен марапатталғандар:

Аманкелдиева Әйгерім, Данайқызы Нурила, Ерболганова Айжан. Ғылыми жетекшісі: доцент Рахметова Райгүл (7-сынып оқушыларының тілдесім әрекетін дамытудың жолдары); Досова Меруерт, Берікова Аяулым, Бисен Манзура. Ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор Рауандина Айтжамал (Оқушыларының тілін дамытуда орындалатын жазылым тапсырмалары); Бейсекова Қолқанат. Ғылыми жетекшісі: доцент Раева Гүлзат (Ескерткіштер тілі мен қазақ тіліндегі ортақ лексиканың фонетикалық сипаты); Жунисбек Муслима. Ғылыми жетекшісі: PhD Беласарова Жайдар (Оқушыларға жазылым дағдыларын меңгертуде күнделік жазудың тиімді тұстары); Утепбаев Ербол. Ғылыми жетекшісі: унив.проф. Нұрғали Сәуле (Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне интербелсенлі әдістер арқылы меңгертудің тиімді жолдары).