Главная /
СМИ о нас
25.11.2021 Әжібай батырға ескерткіш орнату ұсынылды
Пленарлық отырыста Талас Омарбеков, Мәмбет Қойгелді, Аяған Бүркітбай, Зиябек Қабылдинов, Сәбит Шілдебай, Меңдігүл Ноғайбаева, Берекет Кәрібаев, Сағатбек Медеубеков сынды елге танымал тарихшылармен профессорлар Әжібай батыр Найманбайұлы және оның замандастарының ерлігі мен өнегелі істері, «Ер Әжібай» дастаны және бабалар тарихы, Тұтас руға ұран болған Ер Әжібай, Қазақ жоңғар соғысы кезіндегі саяси әскери ахуал: жаңа баға мен жаңа тұжырымдар, Бабалар ерлігі ұрпақтар санасында, Әжібай Найманбайұлы туралы архив деректері сынды тақырыпта баяндама жасады.
Конференция басты мақсаты - «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен «Тәуелсіздіктің 30-жылдығы» аясында Әжібай батыр Найманбайұлының жоңғар басқыншыларына қарсы күрескерлік ерлігі мен өнегелі іс-қимылдарын талдау арқылы еліміздегі патриотизмді нығайтуға негізделген.
Ұлтымыздың басына түскен түрлі тарихи жағдайлар кейбір батырлар мен белгілі тұлғаларды есте қалдыру үшін насихаттауға кері әсер еткені рас. Осындай аты көмескіленіп бара жатқан тұлғалардың бірі Әжібай батыр Найманбайұлы. Ол Жетісу өлкесін қалмақ шапқыншылығынан тазартуда елге танылып, есімі ұран болған батыр. Осындай батыр бабаларымызды ұлықтау, атын есте қалдыру, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу үшін аса қажет,-дейді «Ер-Әжібай батыр» қоғамдық қорының Президенті Жолшы Құдайбергенұлы.
Жиын барысында «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан жарық көрген «Ер Әжібай» жыры және «Ұлы Даланың Ұлы тұлғалары: Әжібай батыр Найманбайұлының тәуелсіздік жолындағы күрескерлік ерлігі мен өнегелі іс-қимылдары» атты материалдар жинағының таныстырылымы өтті.
Аталған шара ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ғылым академиясы, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ энциклопедиясы, ҚР Орталық мемлекеттік архиві «Әзірет сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Ер-Әжібай батыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.
Конференция президиумы жиынды қорыта келе мынандай Қарар шығарды: 1. Жоңғар шапқыншылығында батырлығымен даңқы шыққан Ер-Әжібай Найманбайұлы атындағы жер, су аттарын анықтап, картаға түсіру Ер-Әжібай Найманбайұлының атын беру; 2. Алматы облысының аумағында Ер-Әжібай Найманбайұлына ескерткіш орнату; 3. Қазақстанның ірі қалаларында, елді мекендерде (Нұрсұлтан, Түскістан, Есік) Ер-Әжібай Найманбайұлының атына көше беру. (Маловодный, Кеген, Нарынқол, Жалаңаш, Саты т.б.); 4. Отаршылдық кезеңдегі айналысқа еніп кеткен жер, су аттарын (Коммунизм, Комсомол, Пионер шыңдары сияқты Ветродуй, Могильный т.б.) өзгерткенде Ер-Әжібай Найманбайұлының есімін ескеру; 5. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі елді мекендердегі мектептер мен гимназиялардың аттарын Әжібай Найманбайұлының есімімен атау; 6. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында үлкен қалалар мен аудан орталығындағы тарихи музейлерде Әжібай Найманбайұлы атындағы бұрыштар ұйымдастырып, рәсімдеу; 7. Тарихи сананы қалыптастыру мақсатында Әжібай Найманбайұлының ерліктері мен өнегелі істеріне арнаған тақырыптар мен арнайы курстарды Жоғарғы оқу орындарындағы оқу бағдарламаларына енгізуді ұсыну; 8. Гуманитарлық сала мамандары біріге отырып «Айтылған тарих» негізінде «Ер-Әжібай ізімен» атты тақырыпта ғылыми-танымдық экспедициялар ұйымдастыру; 9. Ер-Әжібай мен оның ұрпақтары туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және кітаптарын шығару, бұқаралық ақпарат құралдарында, әдеуметтік желілерде мақалалар жариялау; 10. Әжібай Найманбайұлы ұрпақтарынанан шыққан тарихи тұлғалардың өмірдерегін жинап, жүйелеп ғылыми айналымға түсіру; мектеп көмекші құралдарына енгізу ғылыми-институттарынан сұралсын; 11. Еліміздің ірі қалаларында мөлтек аудандардың аты беріліп, Ер-Әжібай саябағын ашу жүктелсін. 12. Конференция материялдары негізінде Ер-Әжібай Найманбайұлының ерліктері мен өнегелі өмірі жөнінде тарихи деректік фильм және балаларға арналған мультфильмдер түсіру, әлеуметтік желілерде насихаттау кітаптар мен дискілер шығару демеушілерге жүктелсін.
25.11.2021 ж. Ақпарат көзі: baq.kz |