Главная
Новости
16.11.2021 Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен оқытушыларының «БАЖОВ» қайырымдылық қорының өкілдерімен кездесуі
2021 жылдың 13 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері мен оқытушылары қатысуымен «Бажов Қазахстанда» жобасы аясында «БАЖОВ» қайырымдылық қоры өкілдерімен (Екатеринбург), қайырымдылық қорының төрағасы Сергей Полыгановтың жетекшілігімен кездесу өтті.
«Бажов Қазақстанда» жобасының мақсаты - Бажов Павел Петровичтың шығармашылық және мәдени мұрасын танымал ету. Бажов балалар мен жастар арасында, тарихи жадыны қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының мәдени және білім беру мекемелерімен екіжақты ынтымақтастықты кеңейту.
«БАЖОВ» қайырымдылық қорының басқарма төрағасы Сергей Полыганов кездесуді ұйымдастырған университет басшылығына алғысын білдірді. Ол Қазақстанның орыс әдебиетіне және Павел Бажов сияқты көрнекті өкіліне тұрақты қызығушылық танытып отырғанын, сондай-ақ Қазақстан оқытушылары мен студенттерінің жоғары ғылыми-педагогикалық деңгейін атап өтті.
Екатеринбургтік «Мейірімділік ордені балалары» қоғамдық ұйымының төрайымы Марина Черкасова жиналған қауымға «Бажов Қазақстанда» жобасы аясында дайындалған Бажовтың «Күміс тұяқ» ертегісінің орыс және қазақ тілдеріндегі бірегей қос тілдегі басылымын ұсынды. Ол кітаптың орыс және қазақ тілдерінде шыққанын, сонымен қатар ресейлік және қазақстандық суретшілердің иллюстрацияларымен қамтамасыз етілгенін айтты.
Одан кейін «Павел Петрович Бажов: жазушы және гуманист» тақырыбында Орал филиалы Ресей ғылым академиясының Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері Анна Давидовна Трахтенберг сөз сөйледі. Ол Павел Бажовтың шығармашылығының Оралда қалай сақталып, насихатталып жатқандығымен бөлісті. Сондай-ақ ол жазушы және гуманист Павел Петрович Бажовтың өмірі мен шығармашылығы тарихының парағына экскурс жасады.
Келесі сөз кезегі Павел Петрович Бажовтың мұражайының меңгерушісі Федосов Александр Петровичке берілді. Ол «Малахит қорапшасы» халық мұражайына бейне шолуды ұсынды. Мұражайда Павел Петрович Бажовтың ертегілерінің ең танымал кейіпкерлерімен: Данила шебері және Синюшка, Даренка және Кокованя, Мыс тауының Мәртебелі ханымы, Огневушка және басқаларымен танысуға болады.
Кездесуді Сергей Полыганов қорытындылап, Павел Бажовтың шығармаларында еңбек адамына деген құрмет пен таңдаған ісіне адалдық ашылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ бұл құндылықтардың қазір бұрынғыдан да өзекті екенін, сондықтан Бажовтың жұмысы бүгінде сұранысқа ие екенін атап өтті.
Филология және көптілді білім беру институты атынан орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева сөз сөйледі. Ол Павел Петровичтің шығармашылығы оның ертегілерімен өскен аға буынға жақсы таныс екенін және де П.П.Бажовтың шығармашылығына деген сүйіспеншілікті сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Орал мемлекеттік педагогикалық университетінен әдістемелік және оқу әдебиеттерін, сондай-ақ «БАЖОВ» қорының атынан «Күміс тұяқ» ертегісінің екі тілдегі басылымын және Павел Бажовтың өмірінің монографиялық зерттеуі болып табылатын Владимир Ушаковтың «Ертегілерге жол» кітабын сыйға тартты.
|