Главная /
СМИ о нас
09.11.2021 Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов пен Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Меморандумның мақсаты - университет студенттеріне кәсіби дағдыларды дамытуға, білім алушылардың тағылымдамадан өтуі мен түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету, жастар саясаты саласындағы тиімді ынтымақтастық есебінен зияткерлік элитаны қалыптастыруға бағытталған басымдықтарды, бірлескен мәдени-білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыру.
Меморандум аясында өскелең ұрпақтың азаматтық санасын қалыптастыру үрдісін ғылыми-талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету және жалпы және қосымша білім берудің құрылымы мен мазмұнын жетілдіруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, нысаналы әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, тараптардың қызметін жақсартуға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды дайындау және жүзеге асыру, сонымен бірге білім, ғылым және мәдениет салаларында тәжірибе мен біліммен, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын ақпаратпен алмасу көзделген.
Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева тараптар дуалды тәжірибені кеңейтетінін айтып, «Информатика-робототехника» білім беру бағдарламасы мамандарының қажеттігін атап өтті.
09.11.2021 ж. Ақпарат көзі: egemen.kz
|