қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
09.11.2021

Жапон ғалымымен кездесу өтті

 


 

Окаяма университетінің (Жапония) Тұрақты даму үшін білім беруді ілгерілету орталығының директоры, профессор Хироки Фудзи «Promoting Teacher Education for Climate Change Education through Collaboration between Asian Centres of Excellence on Education for Sustainable Development» (Тұрақты даму үшін білім беру аясында Азиялық шеберлік орталықтары арасындағы ынтымақтастық арқылы климаттың өзгеруіне байланысты педагогикалық білім беруге көмектесу)​ жобасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми-зерттеу тобымен кездесті.

Жобаны біздің университеттің халықаралық ынтымақтастық департаменті үйлестіреді. Жоба 2024 жылғы наурызда аяқталады, оның қорытындысы бойынша «Климаттың өзгеруі аясында мұғалімдерді даярлаудың азиялық бағдарламалар негізі» әзірленеді және оны Азияның тоғыз елінде: Қытайда, Үндістанда, Индонезияда, Жапонияда, Қазақстанда, Малайзияда, Моңғолияда, Филиппинде және Таиландта тұрақты дамудың білім беру саласындағы біліктілікті арттыру орталықтары арасындағы ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылады.

 

Кездесу қорытындысы бойынша Окаяма университетінің (Жапония) Тұрақты даму үшін білім беруді ілгерлету орталығы мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты арасында Меморандумға қол қою туралы келісімшарт жасалатын болды.

 

09.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz