қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.11.2021

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да «SANALY URPAQ» жобасы аясында бекітілген 2021/2022 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыс Жоспары аясында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 20-28 қазан аралығында әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі Уәкілдің және «Парасат» орталығының бастамасымен «Университетте сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу негіздері» тақырыбында білім алушылар мен оқытушылар құрамымен кезекті кездесулер өтті. Кездесулер ағымдағы оқу жылында белгіленген оқыту форматына сәйкес офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және барлық білім беру институттары деңгейінде білім беру сапасын жақсарту үшін Әдеп жөніндегі уәкіл және «Парасат» орталығының директоры дәстүрлі түрде әрбір институтпен (Жаратылыстану және география институты, Филология және көптілді білім беру институты, Педагогика және психология институты, Сорбонна - Қазақстан институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Тарих және құқық институты, Математика, физика және информатика институты) жеке-жеке офлайн форматта - 427, онлайн - 600-ден астам педагог қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуымен 7 кездесу өткізді.

 

Кездесулер барысында жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде негізгі проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды; Алдын алу шараларын; Репрессивтік шараларды; Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін; Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа институттарын; Сыбайлас жемқорлыққа тән тәуекелдер» және т. б. қамтитын «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негіздері» слайд түрінде ұсынылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әдістері мен құралдары баяндалған тыңдаушыларға мәдениет, қызметтік әдеп, білім және адалдық басты рөл атқаратын сыбайлас жемқорлық көріністерінің негізгі белгілері және оларға қарсы күрес әдістері түсіндірілді.

 

Білім алушылар мен оқытушыларға, соңғы жыл бойы жүзеге асырылып келе жатқан, университетте енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылдың менеджмент жүйесі - ИСО 37001-2016 халықаралық стандарты талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.

 

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру, ішкі және сыртқы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуын бақылау, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесі тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды.

 

Кездесулер жоғары ұйымдастырушылық деңгейде және студенттердің белсенді қатысуымен өтті және олардың тарапынан тақырыпқа байланысты сұрақтарда қойылды.

 

Мысалы, Тарих және құқық институтында кездесу дөңгелек үстел форматында өтіп, онда спикерді жаңадан құрылған студенттік омбудсмен туралы Ережемен және оның құрамымен таныстырды.

 

Білімді аралық бақылау кезеңінде, алда келе жатқан қысқы сессияға дайындық қарсаңында Академиялық адалдық Кодексінің талаптарын, Әдеп ережесінің, университетте енгізілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық ISO 37001:2016 стандарты талаптарының сақталуын және олардың бұзылуына жол бермеудің маңыздылығын студенттер арасында түсіндіру, тәрбие жұмысын күшейтуді қолға алу тұрғысынан қарағанда, болып өткен кездесулердің маңызы зор.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Парасат» орталығы