Главная
Новости
01.11.2021 «Білім мен ғылым өркениетке апаратын даңғыл жол» дөңгелек үстелі
2021 жылдың 29 қазанында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Білім мен ғылым өркениетке апаратын даңғыл жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөнгелек үстелді Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледж директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Құрабалдиева.К.Б. және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Педагогика және психология» институтының Маркетинг бөлім жетекшісі Б.О. Жанкушков спикер-модераторлары болып жүргізді.
Іс-шараға қатысушылар Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б. Рахметжанова, ғылыми орталық жетекшісі Н.Т. Сагимбаева және14 магистр оқытушылар қатысты.
Іс-шараның мақсаты - Техникалық және кәсіптік білім беруде педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын білім алушыларды ғылыми жұмыспен айналысуға, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде ғылыми ізденіс жұмыстарын оңтайландыру.
Дөнгелек үстел барысында білімалушылардың ғылыми жұмыспен айналысуы, проектілік жоба, антиплагиат жүйесі және ғылыми басылымдарда мақала шығару тақырыптар аясында пікір алмасу жүргізілді.
|