қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.10.2021

Студенттер Алматы қаласы Медеу аудандық сотының қызметкерлерімен кездесті

 

2021 жылдың 11 қазанында Абая атындағы ҚазҰПУ «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сералиева А.М. және аға оқытушысы Казиева А.Н. бастамасымен «Құқықтану» мамандығының 1, 3, 4 курс, «Психология» мамандығының 3 курс студенттері Медеу аудандық сотының қызметкерлерімен онлайн кездесуі ұйымдастырылды.

 

Студенттермен кездесуге Алматы қаласы Медеу аудандық соты кеңсесінің меңгерушісі Б. А. Шанкереев, Алматы қалалық сотының кадр қызметі бөлімінің бас маманы А. Б. Алдиярова, Алматы қаласы Медеу аудандық соты кеңсесінің сот отырысының бас маманы-хатшысы Т. А. Расылов қатысты.

 

Кездесу барысында студенттер мен кураторлар сот қызметіне және Қазақстан Республикасындағы медиацияны дамытуға байланысты түрлі сұрақтар қойды.