Главная
Новости
27.09.2021 Абай университеті - қос дипломы бар PhD педагогтарын даярлаудың флагманы
Абай атындағы ҚазҰПУ еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны ретінде бүгінде көптеген бағыттар бойынша өз мүмкіндіктерін кеңейтуде. Нақты нәтижелерге қол жеткізілген неғұрлым перспективалы бағдарламалардың бірі консорциум, желілік өзара іс-қимыл және қос диплом бағдарламалары болып табылады.
Әлемдік білім беру нарығындағы оқиғалар бүгінде докторантураның білім беру бағдарламаларын жобалау кезінде, ең алдымен, инновациялық ғылымды қажетсінетін және технологиялық жағы қамтамасыз етілетіндей болып өрбиді. Бұл режимде бірнеше жыл бойы «Педагогика және психология» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Осы оқу жылында докторантураның ағылшын тіліндегі «Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасы сәтті басталды. Бағдарлама тұтынушылары шет тілінің және практикалық тәжірибенің жоғары деңгейін көрсетеді.
Қос диплом бағдарламаларының академиялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігі күмән тудырмайды. Abai Vern халықаралық бағдарламасы Францияның Экс-Марсель университетімен бірлесіп дамуда, француз тілін жетік меңгерген докторанттар «Педагогика және психология» бағдарламасы бойынша диссертация қорғауға дайындалуда. Айта кету керек, осы бағыттағы докторлық бағдарлама ең тиімді болып табылады және диссертациялық кеңеске қорғау үшін маңызды зерттеулерді жүйелі түрде ұсынады.
2021 жылдың маусым айында п.ғ.д., профессор А.Н. Көшербаева және Индонезиядағы Негери Жакарта университетінің профессор М. Bruri Triono жетекшілігімен докторант Г.К. Қасымованың («E-learning білім беру жүйесі негізінде студенттердің танымдық құзыретін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясы сәтті қорғалды.
Диссертацияны дайындау және қорғау рәсімдері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Диссертациялық кеңесінде (қазақ тілінде) және Индонезияның Жакарта университетінің базасында (ағылшын тілінде) жүзеге асырылды. PhD дипломдарын екі тарап та берді. Диссертацияның ғылыми нәтижелері пандемия жағдайларына және онлайн форматта оқуға байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігін, оның практикалық маңыздылығы мен ерекше қажеттілігін көрсетеді.
|