қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
06.08.2021

Жоғары курс студенттері практика алды даярлық курсынан өтті

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Мансап» орталығы 2-6 тамыз күндері «Практика алды даярлық» курсын өткізді. Спикерлер ретінде Алматы қаласының білім беру саласының тәжірибелі мамандары сөз сөйледі.

 

Атап айтқанда, №110 мектеп-гимназиясының директоры Жанар Абитова, Жетісу ауданы білім беру бөлімінің басшысы Салтанат Кусаинова, №177 жалпы білім беретін мектептің директоры Тұрсын Танатов, №40 жалпы білім беретін мектептің директоры Асқар Сарбагысов, №148 мектеп-гимназияның директоры Фатима Алиакбарова.

 

Кездесу барысында спикерлер 3-4 курс студенттеріне практика кезеңінде қажетті ақпарат берді. Мектеп басшылары студенттерді өз мекемелерінде практикадан өтуге және жұмыс істеуге шақырды, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, құнды кеңестер берді. Студенттер мен олардың тәлімгерлері сұрақтар қойып, практикадан өтудің түрлі мәселелерін талқылады.

 

Бір апталық курстың соңында бір жылдық педагогикалық практиканың негізгі мәселелері шешілді. Болашақ мұғалімдер үшін педагогикалық практика - оқу процесінің ажырамас бөлігі, ал оны сәтті өту - маңызды міндет.

 

 

06.08.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com