қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
29.04.2021

«Сыбайлас жемқорлық-балалар көзімен» конкурсы 


2021 жылғы 23 сәуірде Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент, «Парасат» орталығы, Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлер кәсіподағы ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық-балалар көзімен» үздік балалар суреті конкурсы мен суреттер көрмесі өтті.

Шығармашылық көрмені Басқарма Төрағасы-Ректор Такир Балықбаев ашып, балаларды және олардың ата-аналарына алғыс білдіріп, жеңімпаз болған балаларды жеңістерімен құттықтады.

Балалар жұмысын бағалау үшін арнайы құрылған комиссияның мүшесі Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов конкурсқа қатысқан жұмыстардың мазмұндық ерекшелігі мен оларды орындау шеберлігіне аса мән берілгендігін атап өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша 11 жүлделі орын және 11 номинант анықталды. Комиссия шешімі негізінде «Адал бол!» сайысының бас жүлдені Ақберген Дөңес, 1-ші орынды Заманбек Амира жеңіп алды. «Әдептілік әлемі» сайысының 1-ші орын иегері Нұрғиса Нұранбек және «Жемқорлықсыз болашақ» сайысының 1-ші орын иегері Абдрахман Рамазан марапатталды. Барлық жеңімпаздарға университет ректорының дипломдары мен түрлі сомаларға ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Конкурс 2021 жылдың 29 наурыз - 19 сәуір күндері аралығында онлайн форматында «Адал бол!», «Әдептілік әлемі», «Жемқорлықсыз болашақ!» сайыстары бағытында жүргізілді. Суреттер @kazupu_zhastar_tarbie Instagram парақшасында жарияланған болатын.