Главная
Новости
19.04.2021 Белгілі педагог Р. Б. Нұртазинаның 100 жылдығына арналған «Ұлы ұстаз» дәрісі
2021 жылғы 15 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Социалистік Еңбек Ері, ұстаз Рафиқа Бекенқызы Нұртазинаның 100 жылдығына арналған «Ұлағатты ұстаз» тақырыбында аралас (онлайн/офлайн) форматта тарихи-танымдық дәріс өтті.
Дәрісті модератор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректорының м.а. Ақтолқын Құлсариева ашты.
Рафиқа Нұртазинаның ұстаздық өмір жолын сипаттайтын «Призвание учитель» атты деректі фильм көрсетіліп, одан дәріске қатысушылар үлкен әсер алды.
Педагогика және психология институтының профессоры Марфуға Абсатова Р.Нұртазинаның инновациялық іс-әрекетінің кейбір ерекшеліктеріне назар аударса, Р.Нұртазинаның шәкірті, әріптесі, педагогика ғылымдарының кандидаты Рахима Сакенова «Р.Б. Нұртазинаның даналық мектебі» тақырыбындағы баяндамасында Р.Нұртазинаның адами, тұлғалық келбетін ашты. Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Манат Мұсатаева «Қазақстан педагогикасы тарихында Р.Б. Нұртазинаның лингводидактикалық тұлғасы» тақырыбында баяндама жасады.
КИМЭП университетінің гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы Жұлдыз Смағұлова (Р.Нұртазинаның келіні) «Туысқандық пен достықтың ұлы күші» презентациясында Рафиқа Бекенқызының отбасылық өмірінен естеліктер айтты.
Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты, Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназиядағы Р.Нұртазина атындағы орыс тілі мен әдебиеті кабинетінің жетекшісі Айжан Нүсіпбекова өзінің мектептегі шығармашылығын сипаттай отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру, интеллектіні дамыту, шығармашылыққа үйрену, тұрақты нәтижелерге қол жеткізу жолдарын көрсетті.
Рафиқа Нұртазинаның өмір жолы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі қажырлы істері көпке үлгі бола бермек.
|