Главная /
СМИ о нас
09.04.2021 «Мен жастарға сенемін» онлайн дөңгелек үстел
2021 жылдың 8 сәуірінде Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің тәрбие жоспарына сәйкес «Мен жастарға сенемін» (М.Жұмабаев) атты онлайн дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге «Құндылық пен тәрбие» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, саясаттанушы Талғат Жанысбай, университеттің тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Қазына Бекбенбетова, факультет деканы Ғалия Таубаева және барлық оқытушылар мен тыңдаушылар қатысты. Онлайн дөңгелек үстел қонағы Талғат Жанысбай қазіргі жастарды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырып, ұлттық құндылықтарды жалғастыру сол жастардың қолында екендігін баса айтып, оған тіл де, діл де кіретіндігі жөнінде өз ойын білдірді.
Қазына Бекбенбетова өз сөзінде университеттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы тәрбие мен құндылық мәселелері университет көлемінде көптеген іс-шаралар өткізіліп отырғандығын айтты. Университетте жастарға көптеген әлеуметтік жағдайлар жасалып жатқандығы, оларға арналған 40 жуық клубтар мен үйірмелер жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Сөз соңында факультет деканы ұйымдастырылып отырған онлайн дөңгелек үстелдің тыңдаушылар үшін танымдық, тәлімдік және рухани құндылығы жоғары екенін атап өтіп, кеш қонақтарына ризашылығын білдірді.
Дөңгелек үстел соңында тыңдаушылар (Сайлыбай Жантұрсын) Мағжан Жұмабаевқа шығармашылық жырын оқып, ақынның «Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп (Бағдат Ләйлә мен Ескелді Меруерт) оқып берді.
|