Главная
Новости
06.04.2021 Абай атындағы ҚазҰПУ және BINOM SCHOOL мектептер желісі өкілдерінің кездесуі
Университет ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен 2020/2021 оқу жылында бітіретін түлектерді жұмысқа орналастыру үрдісі қарқынды жүргізіліп жатыр. Университет 2021 жылдың 2 сәуірінде «Жұмыс берушілер апталығын» ашты. Апталықтың негізгі мақсаты - әр облыс өкілдерімен жекелей кездесіп ынтымақтастықты нығайту және бітіруші түлектерді сол өңірге жұмысқа орналастыру.
Жұмыс берушілер апталығының 6 сәуірде өткен кездесуі BINOM SCHOOL мектептер желісімен өтті. Кездесуді Асан Сәтмырзаев ашып берді. Кездесуге университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, «Мансап» орталығының басшысы Гүлира Үсейін, BINOM SCHOOL басқарушы директоры Шолпан Кадырова, BINOM SCHOOL кадр бөлімінің маманы Алмира Молтабаева және студенттер мен магистранттар қатысты.
Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты жаңғырту, өзара ғылыми-теориялық тәжірибе алмасу, педагогикалық практиканы жандандыру, жастарды мерзімді жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Студенттер сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу соңында тың жобаларды бірге жүзеге асыру жоспарланды.
|