қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Бидайбеков Есен Ықыласұлы

Бидайбеков Есен Ықыласұлы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Бидайбеков Есен Ықыласұлы 1945 жылы қазан айының 2 жұлдызында Жамбыл облысы, Талас ауданының Аққұм ауылында туған. 1961 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында орта мектепті бітірді. 1967 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (ҚазМУ) механика-математика факультетін бітірді. 1970 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (ҚазМУ) есептеу математикасы кафедрасына «Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» мамандығы бойынша аспирантураға қабылданды және КСРО ҒА СБ-нің Есептеу орталығына іс сапарға жіберілді. 1973 жылы «Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер» мамандығы бойынша аспирантураны өндірістен қол үзе отырып бітірді. 1975 жылы 01.01.02 - дифференциалдық және интегралдық теңдеулер мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандитаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1998 жылы 13.00.02 - информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау уақыты

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті

математик-есепші

1967 ж.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті

есептеуіш математика

1973 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Берілген күні

Физика-математика ғылымдарының кандитаты

01.01.02 - дифференциалдық және интегралдық теңдеулер

1975 ж.

Педагогика ғылымдарының докторы

13.00.02 - информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі

1998 ж.

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағының атауы

Тағайындалған күні

С.М. Киров атындағы ҚазМУ механика және қолданбалы математика факультетінің қолданбалы талдау кафедрасының доценті

1978 ж.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің профессоры

1995 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  

Сандық әдістер

Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері

Информатиканы оқыту әдістемесі

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми жобалар:

2013-2015 жж. «Информатизация математического образования как фактор совершенствования подготовки будущего учителя математики к  профильному обучению в школе» (ҚР БҒМ, орындаушы).

2015-2017 жж. «Әл-Фарабидің математикалық мұралары заманауи  білім беру жағдайында» (ҚР БҒМ, ғылыми жетекші).

 2019-2021 жж. «Қоғамды цифрландыру жағдайында оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үшін педагогтарды даярлау жүйесін әзірлеу (Абай атындағы ҚазҰПУ, ғылыми жетекші).

Scopus және Web of Science мәліметтер базаларында индекстелетін журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар:

1 Development of information competency in students during training in Al-Farabi`s geometric heritage within the framework of supplementary school education // European Journal of Contemporary Education. - 2017. - 6(3). - P.479-496. (in co-authorship with Kamalova, G., Bostanov, B., Salgozha, I.) (SJR - 0.378)

2 Spontaneous appearance of nanoclusters (Cu)n and (Cu2O)n // Journal of Computational and Theoretical Nanoscience. - 2019. - V.16. - № 8. - P. 3154-3161. DOI: 10.1166/jctn.2019.8363 (in co-authorship with Iskakova, K., Akhmaltdinov, R., Kuketov, T.) (SJR - 0.165)

3 An essential change to the training of computer science teachers: The need to learn Graphics // European Journal of Contemporary Education. - 2019. - 8(1). - P.25-42. DOI: 10.13187/ejced.2019.1.25 (in co-authorship with Grinshkun, V., Koneva, S., Baidrakhmanova, G..) (SJR - 0.378)

4 Information technology as the factor of usage of the mathematical heritage of al-Farabi in the modern education // 13th International Technology, Education and Development Conference (INTED 2019). - 2019. - P. 8838-8847 (in co-authorship with Oshanova, N., Bostanov, B.)

5 Integration of robotics design into the learning process at school // Periodico Tche Quimica. - 2020. - Vol.17. - Iss.35. - P. 404-424. (in co-authorship with Kozhagul, A., Bostanov, B., Pak, N.)

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

1 Methods of teaching computer science: Textbook. - Almaty: 2016. -320 р. (қосалқы авторлар:  Нурбекова Ж.К., Сагимбаева А.Е., Закирова А.)

2 Mathematical modeling and numerical methods: Textbook. -Almaty, 2016. - 416 р. (қосалқы авторлар: Камалова Г.Б., Калиева К.А.)

3 Әл Фарабидің тригонометриялық мұралары: Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2016. - 166 б. (қосалқы авторлар: Камалова Г.Б., Бостанов Б.Г., Убетбаев К.У., Салгожа И.Т.)      

4 Концепция цифровизация Казахского Национального педагогического университета имени Абая. КазНПУ им.Абая: Ұлағат, 2020. - 120 с. (қосалқы авторлар: Балыкбаев Т.О., Ахметов Б.С., Гриншкун В.В.)

5 Особенности обучения компьютерной графике учителей информатики в условиях фундаментального образования: Монография. - Актобе: «Принт», 2020. - 135 с. (қосалқы авторлар: Гриншкун В.В., Конева С.Н., Байдрахманова Г.А.)

 

МАРАПАТТАРЫ

1961 ж. Жамбыл облысы, Қаратау қаласы Қаратау мектеп-интернатының «Оқу мен еңбектегі өте жақсы жетістіктері мен үлгілі тәртібі үшін» күміс медалімен марапатталды.

1967 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ механика-математика факультетінің үздік белгісімен марапатталды.

1970-1980 жж.           Социалистік жарыс жеңімпазы.

1995 ж. «ҚР білім беру үздігі» белгісімен марапатталды.

1998 ж. ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2002 ж.  ҚР-ның тәуелсіздігінің 11 жылдық құрметіне Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2004 ж. ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

2007 ж. «ЖОО үздік оқытушысы» атағы берілді.

2008 ж. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2008 ж.  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 80 жылдық мерейтойына арналған құрмет грамотасымен марапатталды.

2012 ж. «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты берілді.

2012 ж. Қазіргі білім беру стандарттарының талаптарын қанағаттандыратын, жаңа буынның оқулығын жазудағы жемісті еңбегі үшін ҚР ЖОО ассоциациясының А.Байтұрсынов атындағы медалімен марапатталды.

2013 ж. Европа ғылыми-өнеркәсіптік палатасының информатика және білім беруге қосқан үлкен үлесі үшін медалімен марапатталды.

2013 ж. «Интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар - «Қазақстан - 2050» стратегиясы аясында үшінші индустриалды революцияны жүзеге асырудың құралы» I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсенді қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.

2013 ж. ІХ Бүкіл әлемдік Иссак математикалық конгресске (Краков қ., Польша) белсенді қатысқаны үшін белгісімен марапатталды.

2013 ж. Gold medal for exceptional «Achievements» (Brussels, Belgium).

2013 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ «Айрықша еңбегі үшін»  медалімен марапатталды.

2015 ж. Қорқыт  Ата атындағы Алтын медалімен марапатталды. Қорқыт ата атындағы Қызылорла мемлекеттік университеті

2015 ж. Университеттің дамуына қосқан үлесі үщін «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

2015 ж. «Құрмет» орденімен наградталды

2016 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ «Үздік ұстаз»  медалімен марапатталды.

2016 ж. «Ахмет Яссауидің 850 жылдығы» медалімен марапатталды, ЮНЕСКО.

2018 ж. Университеттің дамуына қосқан үлесі үщін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2020 ж. Білім беру жүйесіндегі көпжылдық жемісті жұмысы, қабілетті, кәсіби мамандарды тәрбиелеу және даярлау ісіне қосқан үлкен үлесі үшін Құрмет грамотасын марапатталды. Тараз қаласы.

 


← Вернуться назад