қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.02.2021

Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының оныншы вебинары

 

2020 жылы 29 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының кеңес беру-әдістемелік қызметі ұйымдастырылды және басталды (ұйымдастырушы және модератор - профессор Мовкебаева З.А.). Виртуалды зертхана қызметінің негізгі мақсаты - арнайы және инклюзивті білім берудегі алдыңғы қатарлы теориялық және практикалық тәжірибені ұсыну және тарату.

 

Виртуалды зертхана қызметі аясында және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы қоғамдық кеңесінің инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы педагог қызметкерлер мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы 1 ақпанда «Қатер тобындағы балалар және олардың ерекше білім беру қажеттіліктері» тақырыбындағы оныншы вебинары өткізілді.

 

Вебинар спикерлері - белгелі белорус ғалымдары болды:

1. Хитрюк Вера Валерьевна, Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің инклюзивті білім беру институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, доцент.

2. Феклистова Светлана Николаевна, М. Танк атындағы БМПУ инклюзивті білім беру институты директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

3. Лемех Елена Анатольевна, арнайы педагогика кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты, доцент.

 

Вебинар жұмысына облыстық және аудындық білім беру басқармаларының өкілдері, мектепке дейінгі, мектеп, техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының әкімшіліктері мен педагогтары қатысты.