Главная
Новости
18.01.2021 1 курс студенттеріне арналған онлайн-тренинг
2021 жылдың 15 қаңтарында Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру» бағдарламаларының жетекшісі Ұлбосын Қыяқбаеваның жетекшілігімен және профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен 1 курс студенттеріне арналған «Қашықтықта білім беруде студеттердің тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру» онлайн-вебинары өтті.
Онлайн-вебинар спикері Қазақ психология қоғамының президенті Мұқан Перленбетов қазіргі таңда студенттер арасында жиі кездесетін мәселелерге тоқталды. «Қашықтықта білім беруде студеттердің тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру» тренингті оқытушы Ұлмекен Толешова өткізді. Вебинар барысында студенттермен психологиялық тренингтер, жаттығулар жүргізілді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар талқыланды.
|