қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
03.12.2020

Қазақ тіліндегі философия бойынша оқулықтардың тұсаукесері


2020 жылдың 2 желтоқсанда Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының доценті Ж.К. Мадалиеваның ұйымдастыруымен ZOOM платформасында қашықтан танымдық - тәрбиелік семинары Математика, физика және информатика институтының 2-ші курс студенттерімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық - білімнің жаңа көкжиегі» философия пәні бойынша аударылған кітаптардың тұсаукесері өтті. «Философия» саласы бойынша аударылған оқулықтарға студенттер презентация көрсетіп, пікір алмасты.

 

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы аясында жарық көрген Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы», «Антика философиясы», «Философияның таңдаулы 25 кітабы», «Ортағасыр философиясы», «Қазіргі заман философиясының бастауы» кітаптарымен, шығармаларымен таныстырып, олардың мазмұны мен оқу үдерісінде қолданудағы маңызын айқындап, презентация жасалды. Семинарға институттың профессор-оқытушылары, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Іс-шараға қатысушылар жаңа оқулықтармен танысып, кері байланыс барысында өз пікірлерімен бөлісті.