О нас | Главная /
Болатқызы Шынар
Болатқызы Шынар
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН Болаткызы Шынар 1981 жылы қазанның 14-де ШҚО-да дүниеге келді. Ұлты қазақ. 1998 жылы Алматы облысы Талғар қаласының №49 орта мектебін бітірді. 1998 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетіне «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2002 жылы тәмамдады. 2002 - 2004 оқу жылдары аталған мамандық бойынша «Педагогика магистрі» біліктілігімен магистратураны аяқтады. 2004 - 2012 жылдар аралығында Психология-педагогика факультетінің «БМП, БӘжДД» кафедрасында жұмыс істеді. 2013 жылы екінші жоғары білім беру бағдарламасы аясында Алматы университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына түсіп, 2015 жылы аталған университеттің «5В010800 - Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесін алды. 2013 жылдан бастап Өнер, мәдениет және спорт институты «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында жұмыс істейді. Педагогикалық пәндер бойынша сабақ жүргізеді.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ - Педагогикалық мамандыққа кіріспе; - Дене шынықтыру және спорт педагогикасы; - Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі; - Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлау; - Әлем халықтары дене мәденитетінің салыстармалы педагогикасы
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ 1. Қ.Б. Бержановтың Қазақстан педагогика ғылымының дамуындағы ролі. Алматы, 2009ж. (Профессор Р.М.Коянбаевтың 70 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференция. 134-137бб). 2. Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму тарихындағы Абай Құнанбаевтың шығармаларының алатын орны. Алматы, 2015. «Хабаршы» №1 (44), 53-56 бб. 3. Дене тәрбиесі салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі ретінде. «Хабаршы» №1 (56), 2018, 37-43 бб. 4. Дене шынықтыру сабағында қазақ ұлттық спорт ойындарын қолдану. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Оренбург, 2017. 5. Қазақ күресімен айналысатын жас спортшылардың тамақтануының физиологиялық-гигиеналық негіздері. Ұлы Отан соғысының 75 жылдық Жеңісіне арналған «Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Материалдары. 24 сәуір, 2020 жыл. -Алматы, 2020. 189-193б.
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|