Главная
Новости
23.11.2020 Абайдың асыл мұрасы
Университеттің Студенттік ректоратының бастамасымен 2020 жылдың 20 қарашасында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы және университетімізде жарияланған Абай жылы аясында «Абай асыл мұрасы» бейне байқауының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шара онлайн форматта өтті.
Байқау жеңімпаздарына ізгі тілекпен, проректор А.А.Сәтмырзаев сөзінде, биыл қазақ елі үшін ерекше атаулы күндермен мерейі үстем, ұрпақтың жадынында үлкен рухани жаңғырумен орын алған ұстаз, ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын университет студенттері мен ұжымының ыстық ілтипатына бөленгенін жеткізді. Сонымен бірге, осы күндері еліміздің пандемиялық нәубеттеріне қарамастан, университет басшылығы білімгерлердің тәлім-тәрбиелік сипаттағы іс-жобалардың көптеп ұйымдастырылып жатқанына ерекше көңіл бөліп, Абай мұраларының өскелең ұрпаққа кеңінен насихатталуына күш-жігерін салып жатырғанын жеткізді. Сөз соңына проректор аталмыш байқауға қатысушыларға ректорат атынан алғысын білдірді.
Аталған видео байқауға 70 жуық қатысушының жұмыстары келіп түсті. Олардың арасында 4 магистрант, 66 бакалавр білім алушыларының шығармашылық мәнерлеп орындау роликтері бар.
Нәтижесінде, 3-ші орынды Филология және көптілді білім беру институтының 2 курс студенті Тілеухан Жансая, Өнер, мәдениет және спорт институтының 2 курс студенті Арман Туашев, Математика, физика және информатика институтының 1 курс студенті Акимов Акимжан иеленді.
Ал 2-ші орында Тарих және құқық институтының 1 курс магистранты Жастілек Надия және Филология және көптілді білім беру институтының 2 курс студенті Ақбаян Кампит орнықты.
2020 жылғы Абайдың асыл мұрасы бейне байқауында Филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студенті Иосифова Аружан 1-ші орын иегері атанды.
Барлық жеңімпаздар университет ректорының арнайы сертификаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқаудың ең үздік жұмыстары арнайы бейнероликке топтастырылып, әлеуметтік желілер мен университет сайтына таралып жарияланатын болады. Сонымен бірге, байқау жүлдегерлерінің тартымды бейнелері «Кампус» студенттік журналының күзгі санына енгізіледі.
|